Шымкент әкімі Мұрат Әйтенов лауазымынан босатылуы мүмкін

Тиісті хабарландыру қалалық мәслихаттың сайтында жарияланды, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz -ке сілтеме жасап. 

Бүгін, 5 қыркүйекте сағат 15.00-де депутаттар жиналысы өтеді.

Естеріңізге салайық, Мұрат Әйтенов 2020 жылы қаңтарда Шымкент қаласының әкімі болып тағайындалды. 2022 жылы президент сайлауы өткеннен кейін ол Шымкент басшысы қызметіне қайта тағайындалды. Тиісті Жарлыққа Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды.