«Шымкент аруы - 2010» байқауының нәтижелері шығарылды

Оның жеңімпазы болып Елена Цинн танылып, Шымкенттің бірінші вице-мисі тәжі Бану Жаманқұзоваға бұйырды.

Барлығы байқауға 500 үміткер қатысты. Іріктеу турлары барысында қазылар алқасы үміткер арулардың сұлулығын ғана бағаламай, олардың ой-өрісі мен шығармашылық біліктілігіне де баға берді. Енді шымкенттік жеңімпаз арулар Алматы қаласында қыркүйектің 16-сында өткізілетін республикалық сұлулық байқауында бақтарын сынап көрмек.