"Біз Шымкент әуежайының Ташкент әуежайының баламасына айналуын қалаймыз",- деді ол. "Егер Шымкентте жақсы әуе айлағы мен транспорттық-логистикалық орталық салатын болсақ, онда Өзбекстан таяудағы 5-7 жылда бізге бәсекелес бола алмайды",- деді үкімет басшысы.
"Олар онда өзгерістер жүргізіп жатқан уақытта біз көш ілгері озып кетуіміз керек",- деді Д.Ахметов. Ташкентке ұшып жатқан әуе компаниялары жайында сөз қозғаған үкімет басшысы былай деді: "ол жаққа қандай тасымалдаушының ұшып жатқаны маңызды емес, маңыздысы - Ташкентке ешкім ұшпауы керек".
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті