Шымкент әуежайына ұшақ апатты жағдайда қонды, ешкім зардап шеккен жоқ

ТЖМ ақпаратына сәйкес, Шымкент әуежайында 21 шілдеде 22 сағат 46 минутта "Тәжік Эйр" әуе компаниясының Худжанд-Мәскеу бағытындағы 645 рейс бойынша "Боинг-747" ұшағы желдеткіш жүйесінің істен шығуына байланысты апатты жағдайда қонды.

Ұшақ бортында 147 адам мен экипаждың 8 мүшесі болған. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.