Шымкент әуежайында Ыстамбұлдан контрабандалық жолмен алтын әкелген әйел ұсталды

"Шымкент авиа" шекаралық бақылау отрядының наряды Ыстамбұл-Шымкент қатынасындағы VSV-488 рейстегі жеке заттарды тексеру кезінде 3 килодай алтын бұйымдарын тапты, делінген бейсенбіде Қазақстан ҰҚК шекаралық қызметінің баспасөз қызметінен таралған хабарламада.

Жүк иесі, Қазақстанның 38-жастағы азаматшасы экономикалық контрабанда деген айыппен ұсталды.


Алтын әшекейлерді әйел Шымкентте сатпақ болған.