"Облыста қанды тұтыну көлемі шұғыл азайып кеткенін айта кету керек,- деді В.Дудник. - Егер бұрын күн сайын Шымкентте орта есеппен 16 литр қан пайдаланылып келсе, қазір бұл көлем 10 есе азайып, 1,5 литрге дейін төмендеді".
Осыған байланысты қазір облыстық денсаулық сақтау департаменті қанды алмастыратын синтетикалық препаратқа сұранысты есептеп жатыр. "Емдеу процессін тоқтатуға болмайтындықтан, қазір осындай қан алмастырғыштарды сатып алу мәселесін қарастырып жатырмыз",- деді В.Дудник.
Оның айтуынша, бүгінде барлық қан препараттары ауруханаларға карантиндік шарадан кейін жіберілуде. "Қор көлемі 230 литр шамасында",- деді ол.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті