Caravan Logo

Шымкент қаласының прокурорлары 8 миллион теңгеге жуық алимент қарызын өндіріп алды

Шымкент қаласының прокурорлары 8 миллион теңгеге жуық алимент қарызын өндіріп алды

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Azattyq ruhy-на сілтеме жасап хабарлайды.

Тексеру барысында азамат «О»-ның 6 жыл бойы өз балаларына алимент төлемей, 7 905 638 теңге қарыз болғаны анықталды.

«Аталған тұлға бірнеше рет сот шешімін орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған», — делінген хабарламада.

Прокуратура бұл деректі ҚР Қылмыстық кодексінің 139-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркеп, іс материалдары сотқа жолданған.

Сот отырысы барысында борышкер жәбірленуші тараппен татуласып, толық қарыз сомасын — 7 905 638 теңгені өтеген. Осыған байланысты қылмыстық іс ақталмайтын негіздер бойынша тоқтатылғаны хабарланды.