Шымкент кәсіпкері ең ұзын кәуәп жасап Гиннесс рекордтар кітабына енбек

"Біз қажетті құжаттардың барлығын рәсімдеп, Гиннесс рекордтар кітабының өкілеттілігіне жібердік, сонымен қатар өтінішті тіркеуге төленетін төлемді төледік",- деді М. Межлумян.

Оның айтуынша, рекорд орнату туралы бастамасын көтерген кәсіби аспазшы, кәсіпкер Жираир Карапетян. Ол ұзындығы 33 метр кәуап дайындамақ. Оған техникалық көмекті армян мәдени орталығы көрсетеді. 35 метрлік мангал мен шампур әзір. Кәуапты әзірлеуге 120 кг ет қажет.

Алғашқыда іс-шара 1-мамырға жоспарланған болатын, бірақ шетелдік өкілдер бұл кезде келе алмады. Қазір армян мәдени орталығының мүшелері Гиннесс рекордтар кітабының бақылаушылары жаңа мерзім тағайындайды деген үмітте.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті