Шымкент хайуанаттар саябағында күзетшісі есігін жабуды ұмытып кету салдарынан екі аю тордан шығып кетті

Л. Әлиевтің айтуынша, кеше түстен кейін бақ күзетшісі салдыр-салақтыққа байланысты үш қара аю отырған тордың есігін бекітуді ұмытып кеткен. Үш жасар екі аю тордан шығып кеткенімен, тым алысқа ұзай қоймапты. "Ал үшінші аю тордың ашық болғанына қарамастан, ол жерден шықпаған", - деді Л. Әлиев.

Хайуанаттар бағының қызметкерлері көрермендерді бақ аумағынан шығып кетуді сұраған. Халық бұл өтінішті ешбір абыржусыз тез арада орындады. Біраздан кейін аңдар өз орындарына қайтарылды. "Біз тордың ішіне нан тастап едік, аюлар өз орындарына қайта оралды", - деді Л. Әлиев.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті