Шымкенттің 2012 жылы Үкімет бекіткен бас жоспары бойынша қала аумағы таяу жылдары үш есеге дейін өспек. Ал, халқының саны 2015 жылы бір миллионға жетеді деп күтілуде. Қазір алматылықтар саны бір жарым миллион болса, Астана халқы 1 миллионға жуықтаған. Осындай межеге Шымкентен өзге, батыс өңірдегі бір қала үміткер екенін де айтты елбасы. Тек, әзірге нақты қай шаһар екені белгісіз. Ал, Оңтүстік Қазақстанның орталығын «миллионер қалаға» айналдыру үшін әзірге облыс әкімі де ауыстырылмайтын болды.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан РеспубликасыныңПрезиденті:
- Шымкентке қарай келсең барлығы ойлайды, әкімді ауыстыруға келе жатыр екен деп. Сендердің ойлайтындардың сол ғой. Ауыстырмаймын. Жақсы жұмыс істеп отырған адамды неменеге ауыстырамын? Жұмысты дұрыс жасамаса, қисық болса ондайдың талай болды ғой, ауыстырып тастап жүрдім ғой білесіңдер. Енді көріп отырсыздар жағдай дұрыс.