Шымкент мұнай айдау зауытының күрделі жөндеуге тоқтауы рынокты жанар-жағармаймен қамтамасыз етуге әсер етпейді - РКОР өкілдері

Е.Жұмаділдің айтуынша, кәсіпорын басшылығы күрделі жөндеу мақсатында 12-13-қазанда зауыт жұмысын тоқтатуды көздеп отыр. Кестеге сәйкес күрделі жөндеу бір айға созылуға тиіс. "Жөндеу жұмыстары кезінде кәсіпорында қажетті жанар-жағармай қоры міндетті түрде сақталады. Әдетте, жұмыстарды жоспарлы тоқтату уақыттарында мұнай өнімдерінің тапшылығы туындамайды",- деді Е.Жұмаділ.

Ал облыстық жанар-жағармай тарату бекеттері қауымдастығының төрағасы Қайыпбек Қамбаровтың Kazakhstan Today тілшісіне хабарлағанындай, қазіргі таңда облысты жанар-жағармаймен қамтамасыз ету жағдайы қанағаттанарлық деңгейде емес. "Жанармай бұрынғыдай жетіспейді. Жанармай тарату бекеттері үзіліспен жұмыс істеуде. АИ-80 жанармайының бағасы 58-60 теңге, АИ-92 жанармайының бағасы 78-80 теңге шамасында сақталып отыр",- деді ол.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті