В.Школьниктің айтуынша, "жұмысты тоқтатуға өндіріс сүзгіштерінің бітеліп қалуы себепкер болған". Министрдің айтуына қарағанда, "зауыт жартылай ғана жұмыс істеп тұр, апат орнында министрліктің төрт маманы жөндеу жұмыстарының барысын қадағалауда".
Ақау алдағы төрт күнде реттеліп, "зауыт 25-ақпанда бұрынғы тәртіп бойынша іске кіріседі",- деді В.Школьник.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 2004-жылы PetroKazakhstan Oil Products мұнай өңдеу зауыты 3,5 млн. тонна мұнай өңдеді.