Шымкент пен Алматы облысында карантин ұзартылды

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

"Алматы облысында карантинді жалғастыруды және кейбір шектеу шарасын енгізуді қаулы етемін. Карантин режимі мен мерзімдері COVID-19 таралуы бойынша жағдайдың өзгеруіне сәйкес өзгертілуі мүмкін", - делінген Алматы облысының бас санитар дәрігері Ерғали Сыдымановтың қаулысында.​​​​​​

Жаңа қаулыға сәйкес, қоғамдық көліктің жұмысы 23.00-ге дейін ұзартылады. Бір отбасы мүшелерін қоспағанда, үш адамнан артық жүруге тыйым мен 65 жастан асқан адамдардың көшеге шығуына шектеу сақталады.

Атап айтқанда, мына жерлердің жұмысы бұрынғыша тоқтап тұр:

  • 50-ден аса отыратын орны бар қоғамдық тамақтандыру объектілерінің (асхана, дәмхана,
  • кофе, мейрамханалардың және басқа да мекемелердің);
  • саны 15 адамға дейінгі кезекші топтарды қоспағанда, барлық мектепке дейінгі ұйым;

  • ойын-сауық объектілері (түнгі клубтар, көрмелер, бильярд және компьютерлік клубтар, балалар ойын алаңдары, жабық үй-жайлардағы батуттар және басқалар);
  • оқу-жаттығу сабақтарын қоспағанда, бассейндер;
  • ойын мекемелері, казино, құмар ойындар өткізілетін ғимараттар, үй-жайлар, құрылыстар.

Жаңа қаулы 22 қарашада 7:00-ден бастап күшіне енеді.

Шымкентте карантин 7 желтоқсанға дейін ұзартылды.

Бұған дейін Алматы облысында демалыс күндері кафе мен СОО жұмысына тыйым салынғаны хабарланған болатын. Кейінгі тәулікте (18 қарашадағы деректер бойынша) Қазақстанда коронавирус инфекциясының 791 жаңа жағдайы тіркелді.