Шымкентте баланы басынан күрекпен ұрған ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі
Еңбекшіқазақ аудандық жергілікті полицияға сілтеме жасап. Баланы басынан күрекпен ұрған ер адам оның әкесі болып шықты. Ер адамның 1968 жылғы, ал баланың 5 жаста екені белгілі болды. Ер адамды әйелі баласымен қалдырып кеткен. Оның баланы ұруға ненің себеп болғанын қазір полицейлер анықтап жатыр. Ер адам таңғы уақытта бөлімге жеткізілді. Ал видео ер адам уақытша жұмыс істеп жүрген жерде түсірілген екен. Еске сала кетейік, осыған дейін ер адамның баланы басынан күрекпен ұрғаны түсірілген видео жарияланған еді. Бейнематериалда белгісіз ер адам 4 жас шамасындағы балаға физикалық күш қолданып, қорлап жатқаны түсірілген. Яғни, онда жасөспірімді көліктің доңғалақтарының ішіне салып қойып, басынан күрекпен аяусыз ұрып жатқанын анық көруге болады.