Шымкент қалалық спорт басқармасының бастығы Қазақстан азаматтығынан айырылды

Шымкент қаласы спорт басқармасының бастығы Олег Почиваловтың қос азаматтығы бар екені анықталған. Бұл туралы Шымкент полициясы департаменті растаған, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. 

«Шымкент қаласы Полиция департаментінің көші-қон қызметі басқармасы Қазақстан Республикасының азаматы Олег Владимирович Почиваловтың екі азаматтығы бар екендігін анықтады, - деп атап өтті көші-қон қызметі департаментінің азаматтық және көші-қон бөлімінің бастығы Гүлжан Нысанбаева.

Азаматтық туралы заңның 21-бабына сәйкес Көші-қон қызметі департаменті Олег Владимирович Почиваловтың Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалту дерегін тіркеді