Шымкент қаласының 50 жастағы тұрғыны танымал кір жуғыш ұнтақтардың көшірмесін қолдан жасап сатқан


Әділет департаментінің мәліметінше, ер адамның шеберханасынан таразы, темір дәнекерлеу жабдықтары және 8 мыңнан астам бос пакет табылып, тәркіленген.

"Сот қаулысына сәйкес, Әділет департаменті және Экономикалық тергеу басқармасының сот орындаушыларымен бірлесіп, Ariel, Mif, Tide көшірме ұнтақтары, 1,5 мыңға жуық дайын контрафактілік өнімдер, 8 мың бос пакет және 51 дана арзан ұнтақ, Barf және Push сияқты тұрмыстық тауарлар жойылды. Шымкент қаласы Қаратау ауданының 50 жастағы тұрғыны бұл жалған ұнтақтарды "Акбар" базарында сатып тұрған. Сот отырысында ол кінәлі деп танылып, өзі де кінәсін толық мойындады”, – деді Шымкент қалалық Әділет басқармасының басшысы Мейрам Мұхтаров.