Әл-Фараби аудандық сотында судья Шара Бейсенбиева түрлі жылдары "Оңтүстік" ЕЭА директоры, Шымкент әкімі, Сайрам ауданының әкімі, Түркістан әкімі болған Ө.Әметке шығарылған үкімді жария етті.
Ө.Әметке қарсы қылмыстық іс өткен күзде қозғалған. Оған мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастырған кезде, тендерлер кезінде қызметтік құзыретін асыра пайдаланған деген айып тағылды.
"Сот сатталушы Ө.Әметтің іс-әрекеттерінен ҚР Қылмыстық кодексінің 307-ші бабының 3-тармағын бұзу оқиғасын анықтап, ҚР Қылмыстық кодексінің 63-ші бабын басшылыққа ала отырып, Ө.Әметті үш жылға шартты түрде абс бостандығынан айыруға үкім шығарды. Ол ешқайда кетпеуге тиіс және осы мерзімде заңға бағынуға тиіс", - деді судья Ш. Бейсенбиева.