Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "ПК "Южполиметалл" АҚ-ның бас кәсіпорны - Шымкент қорғасын зауытында кәсіпорынның өз іші мен оған жапсарлас жатқан аумақтарда қоршаған ортаны сауықтыру үшін негізгі цехтарды модернизациялау жұмыстары басталды. "Қорғасын балқыту жөніндегі екі қуатты электр пеш салына бастады, оларды пайдалануға беру арқылы экологиялық тұрғыда қолайсыз, ескірген агломерциялық және ьалқыту цехтарының жұмысы тоқтатылады", -делінген хабарламада.
Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, жаңа пештер өнімнің өзіндік құнын төрт есе азайтуға мүмкіндік береді. Қорғасынды электр пеште балқыту жүзеге асатындығына байланысты 2-ші ЖЭО-да да қуаттылықты арттыру мен оны жаңалау көзделген. Бұл да қоршаған ортаны қорғау бағытында озық технологияларлы енгізуге және құрамында қорғасыны бар кез-келген материалды қазір Швейцарияда қолданылатын жаңаша технологиялардың көмегімен табысты балқытуға жол ашады.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Нұрғали Әшімов Шымкенттегі қорғасын зауытының жабылуы мүмкін екендігін мәлімдеді.
"Не қорғасын зауыты өзінің өндірісін экологиялық нормаларға сәйкестендіреді , немесе, біз оны мүлдем жабамыз. Онда 500 адам жұмыс істейді, бірақ, бір миллион тұрғыны бар қала 500 отбасынан болып денсаулығын құрта алмайды", -деді Н. Әшімов.