Шымкент тұрғындары иесіз жатқан пакеттен үрейленіп, үйлерінен атып шыққан

Шымкентте бүтін бір үй тұрғындары түн ішінде қауіпсіз жерге шығарылды, деп хабарлайды Sputniknews "Отырар" басылымына сілтеме жасап. 

3 желтоқсаннан 14-іне қараған түні полицияға көпқабатты үйлердің бірінің алдында ішінде не бары белгісіз қара пакет жатқанын хабарлаған. Оқиға орнына келіп жеткен құқық қорғау органы қызметкерлері үй тұрғындарын қауіпсіз жерге шығарып, ауланы қоршады.

Жұрттың басыс көпшілігі не болып жатқанын естіп, аяз далаға қашып шыққан. 80 пәтердің тұрғындары аулада бір сағаттай тұрды.


Тиісті шаралар атқарылған соң, полицейлер қара пакетті тексерді. Жарылғыш зат табылмаған – қыстық киімдер болыпты.