Бұл туралы қала әкімдігінің әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жазылды, - деп хабарлайды Stan.kz
Әкімдіктің әлеуметтік желідегі парақшасында қай автобустардың жолаушыларды тегін тасымалдайтыны көрсетілген. “Шымкент тұрғындары мен қала қонақтарының назарына! Ертең Құрбан айт мерекесiне орай, Шымкент қаласы әкiмдiгiнiң ұсынысымен және GREEN BUS сервис компаниясының қолдауымен N17 бағыттағы шағын автобус халыққа тегiн қызмет көрсетедi” делінген парақшада.