Шымкент тұрғыны дәрі-дәрмектерді көшеде сатқан

Заң бұзушы елімізде  тіркелмеген «Церобролизин», «Стрептоцид» және «Мукалтин-Лек Т» дәрілік препараттарын заңсыз айналымға салғаны анықталды. Осыған орай  Шымкент қаласының мамандандырылған әкімшілік соты бұл азаматты КҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 462- бабының 2 бөлігімен кінәлі деп танып, оған әкімшілік жауапкершілік ретінде 453 800 тенге айыппұл салынған.

Сондай-ақ фармацевтикалық кәсібіне 20 тәулікке тыйым салынып, тәркіленген «Церобролизин», «Стрептоцид» және «Мукалтин-Лек Т» дәрілік препараттары жойылған.