Шымкент тұрғыны Ираннан жалпы құны 137 млн. теңгеден асатын контрабандалық тауарды алып келген

«Бұрын бір жылда экономикалық контрабандаға қатысы бар 300-400 қылмыстық заң бұзушылықтың беті ашылатын. Тәркіленген тауардың жалпы сомасы 300-400 млн теңгеден аспайтын. Соңғы 2 жылда бұл сома 6-7 млрд теңгеге дейін жетіп жүр», - деді ол дүйсенбі күні экономикалық контрабандаға қарсы күрес жөніндегі республикалық семинарда.

Алайда, оның айтуынша, «бұл көрсеткіш мұнымен шектелмейді».

Кедендік бақылау комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, биылғы жылдың сегіз айында кеден органдары экономикаға қатысы бар 412 қылмыстық іс қозғаған. Ал, 2013 жылдың бастапқы сегіз айында 375 іс қозғалған болатын.

Биылғы жылы «Экономикалық контрабанда» бабы бойынша қозғалған қылмыстық істер бойынша тәркіленген тауар мен валютаның жалпы сомасы 5,131 млрд теңгені құраған (4,095 млрд теңге).


Кедендік төлемдер мен салық төлеуден жалтару фактілерінің жалпы сомасы 4,465 млрд теңгені құрады. Мемлекетке келтірілген шығын ретінде 3,756 млрд теңге өндірілді, делінген хабарламада.