Шымкент тұрғыны теміржол көпірінен жоғары вольтты сымдарға секірмек болған

"Бүгін 112 пультіне түскен хабарға қарағанда, жігіт Қабанбай батыр көшесіндегі теміржол көпірінен секірмек болған", деп хабарлады сейсенбіде облыстық ТЖ департаментінің шұғыл-құтқару отряды баспасөз қызметінің жетекшісі Павел Вишенин.

Оның айтуынша, құтқару отрядының психологымен сөйлескен кезде жігіт өмір сүруге шаршағандығын айтып, жоғары вольтты сымдарға "секірсем не болады?", деп сұраған.

"Теміржолшылар линияны токтан ажыратып, құтқарушылар көпірдің астына құлауын жеңілдету үшін "жастықша" үрледі , деді П.Вишенин.


Жігіт болса көпірден сымға өрлеп шығып, сосын қозғалып бара жатқан вагонның үстіне секірген, вагонға полиция қызметкерлерінің шыққанын көріп, қарсы жаққа қарай қашқан, оны сол жерден ұстап алды", деді ол.