Шымкент тұрғыны туыстарын балталап өлтірді


Өгей ұл мен үйдегілердің арасында жиі жанжал болып тұрыпты. Кезекті ұрыс кезінде ол келіншегіне пышақ сұғып алған. Айғай-шуға келген 19 жастағы қарындасына да сол суық қаруын жұмсапты. Осыдан кейін екеуін сарайға апарып балталап тастаған. Бұдан кейін де байыз таппаған қанішер бақшада жұмыс істеп жүрген әкесін де күрекпен ұрып талдырыпты. Қазір 51 жастағы азамат ауыр хәлде ауруханада жатыр. Ал күдіктінің өзі көп ұзамай қолға түсті.