Шымкент тұрғыны жоғары вольтті баған басында қайтыс болды

«Жексенбі күні құтқару қызметіне Школьная көшесінде 38-40 жастағы ер адам танысының өтінішімен жоғары вольтті бағанға шығып электр сымын жөндемек болғанда токқа түсіп көз жұмғаны туралы мәлімет келіп түсті», деп облыстық төтенше жағдайлар департаменті жедел құтқару жасағының ресми өкілі Павел Вишенин мәлімдеді.

Оқиға орнына келген электриктер токты айырып, құтқарушылар марқұмды жерге түсірді.


Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.