22 жастағы жігіт осынша қаруды сарайында ұстап келген. Іздестіру барысында одан 16-шы калибрлі 2 шолақ мылтық, 16-шы калибрлі аңшылық қаруы, РПГ-22 гранатометі, 5 патрон, марихуанаға ұқсайтын есірткі зат салынған екі орама табылды деп хабарлады ОҚО ІІД баспасөз қызметінен.
«Сот-криминалдық сараптама тәркіленген қарулардың пайдалануға жарамды екенін анықтады. Есірткілік зат салмағы 15 г марихуана болып шықты. РПГ-22 гранатометі сараптамаға жіберілді», - деді ОҚО ІІД баспасөз қызметінің басшысы Салтанат Қаракөзова.
Қару-жарақ пен оқ-дәрілерді заңсыз сақтады деген күдікпен 5 адам ұсталды. Олардың ішінде Шымкент және Қызылорда облысының тұрғындары бар. Аталмыш факті бойынша ҚР ҚК 287-бабы 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Бұзақылығы үшін бұдан бұрын қылмыстық жазаға тартылған үй иесі қазір тұтқындалды. Тергеу жүргізілуде. Қаскүнемдер 3 жылдан 8 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылулары мүмкін.