Шымкент және Тараз қалаларында 2 баллдық жер сілкінісі тіркелді

Ведмоства ақпараттарына сүйенсек, 31-қаңтар күні 16 сағат 54 минутта Тәжікстан Республикасының аумағында энергетикалық класы 13,5 құрайтын жер сілкінісі болды. Жер сілкінісінің кіндігі Алматының оңтүстік-батыс бағытындағы 715-ші шақырымда болған. Жер астының дүмпуі Шымкент пен Тараз қалаларында 2 баллды құраған.

Құрбан болғандар мен зардап шеккендер туралы хабар түскен жоқ.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті