Шымкент жастары жеңіс күніне ерекше тарту жасады


Ені 5 метрлік суретке бір қарағанда ешқандай ерекшелік жоқ сияқты. Авторлар қала орталығындағы бетон плитаға Әлия Молдағұлованың бейнесін салып, әрқашан есімізде деп жазыпты. Қарапайым сырмен патриоттық туындыны салған 3 жігіт өкінішке қарай аты-жөндерін атамаған. Себебі, кез-келген қабырғадағы сурет вандализмнің белгісі саналады. Бірақ, музейдегі қол жетпейтін туындыларға қарағанда қарапайым адамдардың қиялынан туған мұндай граффитилерді жұрт әлдеқайда жылы қабылдайды екен.