Шымкент зообағы жолбарыспен толықты


Шымкенттегі зообақ қызметкерлері жолбарыстың қарымтасына молдавандарға жыртқыш құстың екеуін беріпті. Қазір әлемде бес-ақ жүз Амур жолбарысы қалған. Сондықтан мұндай айырбас шымкенттіктер үшін  өте тиімді болып тұр. Қазір, Шерханды Мая және Жеңіскүл деп аталатын екі өлекшіннің торына орналастырды. Кейін есейе келе Шерхан мен Жеңіскүлден зообақ қызметкерлері шөнжік алмақ ойлары бар екен.