«Кеше ғана жеңіл киіммен жүр едік, бүгін етік кидік. Күн аяқасты суытып кетті. Қар жауады деп ойлағанымыз жоқ», - дейді қала тұрғыны Кристина Ершова.
Бірақ, бұл жаңалыққа балалар қатты қуанды. Күннің суықтығына қарамастан олар далада жүр.
«Алақай, қар жауды! Енді шанамен сырғанаймыз», - дейді 7 жасар Еркін Сұлтанов.
Суреттің авторы: Өмір Шыныбекұлы