Велоэкспедиция мүшелері Пекинде өтетін Олимпиадаға бара жатыр. Экспедицияны ұйымдастырғандардың бірі Анри Дюссе айтқанындай , олар тоғыз елді кезіп, жеті мың шақырым жерді жүріп өтті. Бұл саяхатқа 100 адам қатысып отыр. Онда француздармен бірге Америка, Қытай, Канада және Еуропа елдерінің өкілдері бар. Қатысушылардың орта жасы 58-де.
"Спорттың шекарасы жоқ екендігін дәлелдегіміз келеді. Спорт - бұл тек спортшыларға ғана емес, спортпен қарапайым адамдар да шұғылданады. Осы экспедицияда спорттың егде жасқа келгендерге де бағынышты болатынын дәлелдедік. Біздің қомандамыздағы жасы үлкен қатысушымыз 70 жаста. Бәрі өзін тамаша сезінуде ", -деді Анри Дюссо.
Велоэкспедиция қатысушылары Шымкентте екі күн тоқтап, сосын Таразға, Қырғызстанға жол тартып ол жерден Пекинге қарай аттанады.