Шымкентке қажетті дәрі-дәрмектерді жеткізу жалғасуда


Бүгінде аталған екі фарм компания қорында 273 мың флакон левофлоксацин ерітіндісі, 200 мың қорапқа жуық аскорбин қышқылының инъекцияға арналған ерітіндісі, 130 мың қорап аналгин мен димедрол, эуфиллин ерітіндісі сынды маңызды медикаменттің 8 түрі келген.

Сонымен қатар, Қазақстанды оның ішінде Шымкент қаласын қажетті дәрімен қамтамасыз етуде "Химфарм" дәрі-дәрмек зауытын ерекше атап өткен жөн. Бүгінде мұнда инъекциялық ерітінділер мен инфузиялар, қатты пероральді дәрілік заттар (таблеткалар, саше, ампулалар), антибиотик ұнтақтары шығарылады.