"Юстиция капитаны қала тұрғынынан түзеу жұмыстарынан мерзімінен бұрын босату жөніндегі материалдарды дайындап беру үшін ақша бопсалаған. Бұл қызметі үшін ол $200 талап еткен", -делінген хабарламада.
Қазір тұтқын Оңтүстік Қазақстан облыстық ҰҚКД -нің тергеу абақтысына қамалды. Оның үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің пара алу жөніндегі 311-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.