Шымкентте 1 тамыздан бастап жолаушылар автобустарындағы жолақы құны қымбаттайды

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, қоғамдық көліктегі бағаны көтеру туралы шешімді қалалық әкімдік жанар-жағармай құнының қымбаттауына байланысты қабылдаған. Жаңа тариф 1 тамыздан бастап күшіне енеді.

Сонымен бірге, бағытты таксилердегі жолақы құны бұрынғысындай 40 теңге болып қала береді.