Мектептің дайындық сыныбына барып жүрген бүлдіршінді сабақтан кейін әлдебіреу әжесімін деп жетектеп кеткен болатын. Кейін күдіктінің кескін-келбеті мен жоғалған қыздың суреті Шымкенттің барлық түкпіріне ілінді. Ал бауыр еті балаларынан көз жазып қалған ата-анасы қыздарын тауып бергендерге 50 мың доллар ұсынған еді. Қызды көшеден көріп, полицияға тапсырған азаматтың сол сыйақыны алған-алмағаны белгісіз. Ал ақ жаулықты күдікті әйел қызға түгелдей жаңа киім алып беріп, көшеге тастап кетіпті. Оны бүлдіршіннің өзі айтып отыр.