Шымкентте 1000-ға жуық абонент көгілдір отынсыз қалды

Апатқа жерасты газ құбырынан газдың ауаға тарауы себеп болған. «Шымкентте Темірлан тас жолы бойында орналасқан тұрғын үй жанынан диаметрі 89 мм-лік төмен қысымды жерасты газ құбырынан газдың сыртқа шығып жатқандығы анықталды », - делінген таратылған ақпаратта.

Соның салдарынан көппәтерлі тұрғын үйдің 729 абоненті және жеке тұрғын үйлердің 155 абоненті газбен жабдықтаусыз қалды.

Төтенше оқиғаны жоюға «ҚазТрансГаз» АҚ-ның 5 маманы мен 1 техникасы жұмылдырылды.