Шұғыл ақпараттың ізімен 40 жастағы Өзбекстан азаматы Шымкент қаласының іргесінде қолға түсті. Оның Өзбекстанда тіркелген, бірақ жасанды қазақстандық номері бар "ВАЗ-2106" автокөлігінің ішінен жасырылған 11 полиэтилен пакет табылды. Ондағы зат- героин болып шықты.
Жүктен ат-тонын ала қашпаған тұтқын есірткіні сату үшін Ресейге әкеле жатқанын мойындады. Ол әдетте есірткі тасымалдаушылар алға тартатын сылтауды айтып, "есірткіні өзіне бір адам сақтатып қойған сөмкеден тауып алғанын, ол адамның о дүниелік болып кеткенін" жеткізді. Алайда, тәртіп сақшыларының пікірінше, тәжірибелі есірткі тасушы болып табылатын Өзбекстан тұрғынын ұстау арқылы есірткі траффигінің тағы бір арнасы жабылғанға ұқсайды.
Тұтқын Трааз қаласының тумасы, осыдан 10 жыл бұрын Өзбекстанға қоныс аударған. Қазір ол тергеу изоляторында отыр.