Шымкент полицейлері Шымкент, Алматы және Алматы облысы аумағында әрекет еткен интернет-алаяқтар тобын әшкереледі, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жедел іс-шаралардың нәтижесінде олардың тоғыз интернет-алаяқтық фактісіне қатысы бар екені анықталды.
Келтірілген жалпы залал сомасы 141 млн теңгеден асты.
Барлығы қылмыстық топтың төрт мүшесі ұсталды:
Қазір күдіктілердің басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.
Полиция тағы да ескертеді:
"16 қыркүйектен бастап Қазақстанда банктік шоттарға, төлем құралдары мен идентификациялық деректерге заңсыз қол жеткізу, беру немесе сатып алу, сондай-ақ заңсыз аударымдар мен төлемдер жасау үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілді".
Бұған дейін Бас прокуратура қазақстандықтарға жаңа киберқауіп туралы ескерту жасаған болатын.