Шымкентте 20 субұрқақ іске қосылды

Әуенді субұрқақтар қаладағы «Тәуелсіздік» саябағында және Аль-Фараби алаңы мен жаңадан салынған әкімшілік-іскерлік орталығындағы жаңа гүлзарда орналасқан. Қалаға әсем көрініс сыйлайтын субұрқақтар Тәуке хан даңғылы бойындағы «Қызғалдақ», Ордабасы алаңында үш субұрқақ, «Орталық», «Абай», «Жеңіс», «Металлург» саябақтары мен «Шәмші аллеясы», аэропорт, «Көл», С.Байтереков атындағы гүлзарларда және «Имран» сауда орталығы мен Тыныбаев көшесінде, А.Пушкин кітапханасы жанында, сондай-ақ, жаңадан құрылған Қаратау ауданындағы жаңа әкімшілік-іскерлік орталығындағы гүлзарда екі бірдей субұрқақ жұмыс істеуде. Аталған  субұрқақтар қаланың көркін келтіріп, тұрғындарға салқын леп беруде. Шымкент қаласының бас жоспарына сәйкес, қала аумағы үш есе кеңейіп, архитектуралық нысандар бой көтерді. Әсемде жасыл қалада 5 саябақ пен 23 гүлзар бар, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.