Шымкентте 22 аялдама бұзылып, орнына жаңасы орнатылады

Әкімдік қызметкерлерінің айтуынша, жаңа аялдамалар өзін ақтамаған. Олар жел мен жаңбырдан нашар қорғайды, сондай-ақ, беріктігі де нашар. Соның салдарынан оларды жиі бұзып кетеді. Осыған байланысты аялдамаларды ауыстыруға шешім қабылданды, оған қалалық бюджеттен қаржы бөлінбейді, шығындарды мердігер өз мойнына алды, деп хабарлайды әкімдіктегілер.