Шымкентте 22 жастағы қанішер туған әке-шешесін балталап өлтірді

Туған әке-шешесі күнделікті ағасына ұрысқаны інісінің жанына батып, бір түннің ішінде ата-анасынан кек қайтаруды ойлапты. Сөйтіп, ұйқыда жатқан 56 жастағы әкесін буындырып, соңынан пышақ пен балта жұмсаған. Қанішер араша түскен анасын да аямай, балтамен бірнеше рет басынан ұрған. Мұнан соң, таза киімдерін киіп жөніне кетіпті. Бұрын кісі тонағаны үшін сотты болған жігіттің қазір ақыл-есінің дұрыстығы тексеріліп жатыр.


- Арқа тұсы бар ғой, сол жағына тиді да. Міне  ұрып жатырмын, ұрып жатырмын. Өлетін түрі жоқ былай айтқанда ше.  Кішкентай балтамен басынан ұрдым, әсер етпеді. Өлмеген сияқты болды. Одан кейін  дәу балтамен шабу керек болды, дәу балтамен ұрғаннан кейін шамалы кеткен сияқты болды.