Caravan Logo

Шымкентте 23 бала балмұздақтан уланып қалды

Шымкентте 23 бала балмұздақтан уланып қалды

Шымкент қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына 23 адам тағамнан улану диагнозы бойныша жеткізілді. Бұл туралы аурухананың бас дәрігері Ғалым Айнабек айтты, деп хабарлайды BNews.kz.

Ауруханаға 5 пен 18 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдер түсті.

"Қазір олардың жағдайы бірқалыпты. Төртеуі жан сақтау бөлімінде – екі бала және 17 мен 18 жасар екі жасөспірім. Олардың барлығы балмұздақты Республика даңғылы бойында орналасқан "Фантазия әлемі" саябағы жанындағы "Южное" дүкенінен сатып алған", - деді бас дәрігер.

Оның мәліметінше, балалар мен жасөспірімдер балмұздақты 27-28 наурыз күндері жеп, ал 29-30 наурызда ауруханаға жатқызылды.


Оқи отырыңыз:

Танымал актер Сейфуллин көшесіндегі қыздардың білімін тексерді

Айсәуле Бақытбек: «Жан Ахмадиев – еркек емес, есек!»