Бұл туралы қалалық Денсаулық сақтау басқармасының бастығы Бақытжан Позилов мәлімдеді, - деп хабарлайды Caravan.kz порталы "Отырар"-ке сілтеме жасап.
Ведомство басшысының айтуынша, вирус қауіпті бола түсті. Мутация арқылы ол жастарға көбірек әсер етеді.
"Бұл екі айдың қорытындысы, вирус жастарға жұға бастады. Қайтыс болған науқастардың ең кішісі 23 жаста, 41 жастағы науқас та көз жұмды. Толық ақпаратты жария етуге құқығым жоқ, бұл медициналық құпия", - деді Позилов.т
Кейінгі тәулікте Шымкентте 109 адамнан коронавирус табылған, 52 науқас инфекциялық стационарларға жеткізілген. Денсаулық сақтау басқармасы басшысының айтуынша, аурудан айыққан науқастар қанша болса, орнына вирус жұқтырған сонша адам келіп жатыр.
Шымкентте инфекциялық орындардың жартысы толған. Жансақтау бөлімінде 159 төсек-орын бар, оның 67-сінде аурудың симптомдары қатты білінген науқастар жатыр - жоғары температура, жөтел, ентігу, өкпе зақымдануы. Алтауына оттегі беріліп жатыр.
"167 370 адамға бірінші компонент, 69 905 адамға екінші компонент салынды. Біз вакцинация бойынша Алматыдан кейін екінші орында тұрмыз. Бүгінгі таңда қала тұрғындары QazCovid-In-ді таңдайды, өйткені бұл отандық өндіруші, бұл патриоттық сәттер, оның үстіне QazCovid-In тиімділігін 96 пайызға дәлелдеген", - деді Шымкент бас дәрігері.