Шымкентте 27 балаға қойылған "Вич індеті" деген диагноз түпкілікті расталды



Р.Қуандықованың айтуынша, қазіргі жағдаймен, Республикалық СПИД орталығының зертханасы Оңтүстік Қазақстан облысының ең үлкені 10 жастағы 27 баласына қойылған "Вич індеті" деген диагнозды түпкілікті растады. Р.Қуандықова алғашқы сатылы анализдер туралы хабарлаудан бас тартты: "Алдын-ала анализдер туралы сөз қозғаудың қажеті жоқ. Біз оларды Республикалық СПИД орталығының зертханасына жібереміз. Олардың кейбіреуі алынып, кейбірі расталып жатады",- деді ол.

Бұған дейін облыстық прокуратура келтірген мәліметтер ескірген, қазір жағдай өзгерді, деді ол.

"Біз балалар мен дәрігерлерді күнделікті тексеруден өткізіп жатырмыз. Тек байланыста болған балаларды ғана емес, сонымен бірге 117-ші код бойынша, басқаша айтқанда, клиникалық белгілеріне қарай да зерттеулер жүргізілуде. Соңғы мәліметке сәйкес, 714 бала тексерілді",- деді ол.