Шымкентте 28 жастағы ұлының өліміне әкесі күдікке ілінді

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Шымкенттегі көпқабатты тұрғын үйден 28 жастағы жігіттің денесін анасы тауып алған. Әйел адамның айтуынша, айналасы қып-қызыл қанға толы болған. 

Оқиға орнына келген сот-медицина сарапшылары жігітте тіліктер болғанын анықтаған. Қылмысқа күдікті марқұмның әкесі болып шыққан. Бұл жайттан кейін күдікті қашып кеткен. 

Қаратау ауданының полиция басқармасының басшысы Данияр Плалов:

"Бұл дерек бойынша "Адам өлімі" бабымен қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүріп жатыр", - дейді. 

Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторында. Полиция мәліметінше, күдікті психологиялық ауруларға байланысты есепте тұрады екен.