Ауруханаға түскен баланың саны 2-3-дәрежелі химиялық күйікке шалдығыпты. Ата-анасының айтуынша, үйдің жанында ойнап жүрген баланың шалбары кенеттен жана бастаған. Ауруханадағылардың айтуынша, бала денесінің 10 проценті қатты химиялық күйікке шалдыққан. Қазір оның жағдайы ауыр деп бағалануда. Балаға тері ауыстыру операциясы жасалуы тиіс.
Қазір санитарлық дәрігерлер мен төтенше жағдайлар жөніндегі басқарма қызметкерлерінен комиссия құрылды. Ол құрамында фосфоры бар материалдардың тұрғын үй секторына қалай келгенін анықтауы тиіс.