Шымкентте 40 жастағы азамат есірткінің аса ірі көлемімен ұсталды

«Өткен демалыста Шымкент стансасындағы көліктегі полиция қызметкерлері «Мак-2011» шұғыл-іздестіру шараларын жүргізу барысында «Келли» атты қызметтік-іздестіру иттің көмегімен Шымкент қаласының 40 жастағы тұрғынын ұстады. Азаматта салмағы 1,1104 грамм болатын ұнтақ тәрізді зат табылды. Сот-химиялық сараптама заттың «героин» екендігін растады», - делінген таратылған хабарламада.

Көліктегі ІІД-тен анықтағандай, ұсталған азамат уақытша ұстау абақтысына қамалып, тексерулер жүргізілуде.