Шымкентте 50 жастағы тұрғын марихуанамен ұсталды

Күдіктіні тінту барысында полицейлер 50 жастағы ер азаматтан  политэленді орамада марихуана есірткі затына ұқсас өсімдіктектес затты тәркіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сот-криминалдық сараптамасына сай, тәркіленген зат салмағы 1кг асатын марихуана екені белгілі болды. Аталған жайт бойынша ҚР ҚК 296-бабымен «Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен, прекурсорлармен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу» қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауда. Сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Қазіргі таңда тәртіп сақшылары осы жайтқа байланысты жан-жақты тексерулер жүргізуде.