Шымкентте 5-ші қабаттан құлаған бала аман қалды


3 жасқа енді толған Диас терезенің  алдында ойнап отырып, абайсызда терезеден құлап кеткен.  Неге екені белгісіз, бұл кезде ата-анасы үйде болмапты. Періштелері қақса керек, 4 қабат құлдилаған бала бірінші қабаттағы дүкеннің шатырына келіп түскен. Баланың жылағанын естіген  адамдар іле-шала құтқарушыларды шақырыпты. Диас аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілді. Дәрігерлер оның сонда әлі біраз күн жататынын айтуда.