Айсәуле Жолдасбекова, Шымкент қаласының тұрғыны:
- Қызым шомылғысы келіп, газ колонкасын қостық. Сосын иіс шықты. Мен дереу газдың төбесіндегі созғышты қостым да, сол арада көбірек жүріп қалдым. Сөйттім де, барып залға жаттым екі қызыммен. Түнде тағы оянсам, қатты ауырып жатыр екем. Тұрып, «иістеніп қалдым-ау, сүт ішейін» деп ас үйге кірдім. Жетпей құладым.
Қазір балаларының жағдайы тәуір. Жалпы күн күрт суытқалы күнгейде иістеніп қалғандардың қарасы көбеюде. Оңтүстік Қазақстан облыстық жоғары қысымды оттегімен емдеу орталығына бір тәуліктің ішінде иіс тиіп қалған 22 адам жеткізілген. Оған себеп-үйдегі жылыту пештеріндегі ақау. Кәріне мінген қыста тоңбаудың қамын жасап, жұрт ескі пештерін қосуда. Содан дұрыс шықпаған түтін үйдің ішіне таралып, көптеген отбасы түгелімен иістеніп қалып жатқан жағдайлар жиілеген.